
Денсаулықты шыңдауға, қысқы спортпен айналысуға Алматы ең жайлы мекен. Қалада, әсіресе, шаңғы тебетіндер көбейіп келеді. Бұрынғы тауға бармайтындар жазықта жүгіру үшін шет жақтарға сабылатын. Универсиадаға арнап салынған Almaty Arena кешені шаһардың ішінде сырғанауға мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан шаңғышы журналистер клубының (SCIJ Kazakhstan) мүшелері кешенге барып, кәсіпқой спортшылармен әуесқой шаңғышылармен кездесті. Олар мұнда спортпен айналысамын деушілерге барлық жағдай жасалғанын көрді. Айталық, құрал-жабдығы жоқтар мұнда небәрі 2 мың теңгеге су жаңа шаңғы мен бәтеңкесін жалға алады. Содан кейін ұзындығы 1,3 шақырым жолмен жүйткисіз. Әбілқайыр Нұрқанов, Елдар Орысаев, Кристина Жаубасарова сияқты тәжірибелі шебер нұсқаушылар шаңғы тебудің әліппесінен бастап, түрлі тәсілі мен машығын үйретеді.

Шаңғы жолында балалар мен егде жастағылар да жүр. Бұл Алматыда салауатты өмір салтанатын ұстанатындар қатары көбейді деген сөз.
Айдос ҚҰСАЙЫНҰЛЫ