jasqazaq.kz

Шамалғандағы апат: Балалар әлі де ауыр халде

20 қыркүйек 2019, 12:32

Алматы облысының Шамалған стансасында пойыз бен автобустың соқтығысуынан зардап шеккен балалар әлі де ауыр халде жатыр. Бұл туралы алматылық дәрігерлер мәлім етті.

3 және 5 жастағы қыздар Алматыдағы «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» МКК-ға жеткізілген болатын. «Қазір балалардың жағдайы өте ауыр. Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Емдеу шаралары толық жүзеге асырылып жатыр», — деді орталық дәрігерлері. Ал анасы Алматы қаласындағы №7 ауруханада жатыр. Бүгін ол жансақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырылды. «Әйелдің бірнеше жерінен сүйегі сынған. Миы шайқалған. Жағдайы «орташа» деп бағаланып отыр. Оны қазір отаға дайындап жатырмыз», — деді медицина мамандары. Оқиға 15 қыркүйек күні болды. Кешкі сағат 19:30-да Шамалған стансасында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысты. Автобус теміржол өткелінің үстінде тұрған. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды. Тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Олар – анасы мен екі қызы. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура өз бақылауына алды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде