jasqazaq.kz

Шамалған маңындағы жастар төбелесі: Бір адам жарақат алды

09 наурыз 2022, 12:34

Алматы облысында ауыл жастары топтасып төбелесті. Қатысушылардың бірі ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Төбелес болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды, онда автор құқық қорғау органдары іздеп жатқан күдіктілерге бағыттаманы да жариялады.

Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылының маңында Үшқоңыр және Әйтей ауылдық округтерінен жиналған 30 адамдық топ өзара төбелес ұйымдастырған.

Жаппай төбелеске қатысушылар негізінен 20-30 жас аралығындағы жігіттер болып шықты.

Қақтығыс кезінде екі жақтан да атыс қаруы қолданылған деген ақпарат бар. Жергілікті тұрғындардың бірі бетінен жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Жергілікті билік қақтығыстың себебін анықтап жатыр.

Қарасай ауданының әкімдігі тараған ақпаратты растады. Ведомство оқиға орнына арнайы жасақ күштері қосымша тартылғанын атап өтті.

«Әзірге қақтығысқа 30-ға жуық адам қатысқаны белгілі. Қазір бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның аясында құқық қорғау органдары оқиғаның барлық қатысушысы мен оның себебін анықтап жатыр», – деді Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің бас маманы Әлихан Қожекеев.

Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға орнынан әртүрлі калибрлі атыс қаруының гильзалары мен оқ-дәрілер және екі көлік табылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде