jasqazaq.kz

Шалғай ауылдағы студенттер сессияны қалай тапсырады?

08 желтоқсан 2020, 18:00

Интернет жүйесінің дұрыс болмауына байланысты сессия тапсырмай қоюға немесе уақытын шегеруге болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты.

«Интернеті жоқ ауылда тұратын немесе компьютері жоқ студенттерге жатақханада жатып оқуға болатыны туралы ақпарат алдын ала айтылған болатын. Қазіргі уақытта барлық ЖОО-дағы жатақханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Семестрдің басында жатақханаларда 15 мыңға жуық студент жатса, қазіргі кезде 7 мың студент тұрып жатыр. Бұл – интернеті жоқ, шалғай ауылда тұратын студенттер», — дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов. Сондай-ақ, ол интернет жүйесінің дұрыс болмауына байланысты сессия тапсырмай қоюға немесе уақытын шегеруге болмайтынын айтты. «Интернетке қатысты мәселе болса жатақханада жатып оқуға болатынын алдын ала ескерткенбіз, сондықтан оны сылтау етіп сессияны кейінге шегеруге болмайды. Қашықтан оқитын студенттер үшін сессия да қашықтан өтеді. Көптеген емтихан антиплагиат жүйесін қолдана отырып жүзеге асады. Соңғы 5 жылда жоғары оқу орындары антиплагиатқа қатысты әртүрлі жүйелерді қолданып келеді, сондықтан бұл студенттер үшін жаңалық емес», — дейді ол.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия