jasqazaq.kz

Шала туылған сәбиге ата-анасы қан құюға қарсылық білдіруде (видео)

19 тамыз 2018, 14:01

Қарағандыда шала туып, ауыр халде жатқан шақалақтың ата-анасы оған қан құйдыруға үзілді-кесілді қарсы. Ал дәрігерлер 6 айлығында 900 грамм салмақпен туылған сәбиге жедел қан құймаса шетінеп кету қаупі бар дейді. Алайда «Иегова куәгерлері» деген сектадағы ата-ана балаға басқаның қанын құю құдай алдында күнә болады деп сіресіп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Андрей Колесников, баланың әкесі: -Киелі жазбада құдайға құлшылық ететіндер бөтенмен қанын араластырмау керектігі айтылған. Бұл өте маңызды. Екіншіден құйылатын қан қандай, кімдікі? Оны құйғанымен баланың аман қалуына кепіл жоқ . Оған қанды алмастыратын сұйықтықтарды құйса да болады ғой. Қазір шақалақтың өкпесі дұрыс жұмыс істемей өлім мен өмірдің арасында жатыр екен. Дәрігерлер ауа қысымының өзгеруі мен қатты дауыстан- ақ қан тамырлары жарылып кетуі мүмкін дейді. Алайда, емге дәру болатын қан құюдан құдай жолындамыз деген ата-ана ат тонын ала қашқан. Осыған байланысты перзентхана ұжымы қорғаншылық және қамқоршылық бөліміне арызданды. Құзырлы орган өкілдері жас анаға қанша түсіндіргенімен, олар алған беттерінен қайтпаған көрінеді. Сондықтан енді олар «Иегова куәгерлерін» уақытша ата ана құқығынан айырып, баланы өз қарауына алуға әрекеттеніп жатыр. Өйтпесе, шала туылған шақалақтың адам болуы екіталай екен. Арай Ділдәбекова, Қарағанды қалалық білім бөлімі қамқоршылық секторының жетекшісі: -Егер де бала мен ата ананың арасындағы көзқарастар қарама қайшылық туғызса, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі заңға сәйкес уақытша қорғаншы тағайындауға құқысы бар.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді