jasqazaq.kz

Шақыртуға келген медбикені зорлаған тұрғын 8 жылға сотталды

21 қантар 2020, 13:52

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны үйіне шақыртумен келген медбикені зорлағаны үшін сотталды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

ШҚО Бородулиха аудандық соты облыс тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (зорлау, өлтіру қатерін төндіру арқылы зорлау) бойынша қозғалған қылмыстық істің үкімін шығарды.

«Сот шешімді шығару барысында қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкеріне қатысты қылмыстың мас күйде аса арсыздықпен жасалғанын және жәбірленуші әйелдің кәмелет жасқа толмаған балалары барын ескерді. Осыған орай, айыпталушыға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ зардап шегушінің пайдасына моральдық зиянның өтемақысы ретінде 2,5 миллион теңге өндірілді.

«Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы тарапынан шағым түссе, оның заңдылығы мен негізділігі апелляциялық инстанцияда қаралады», — деп түсіндірді сот өкілдері.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық