jasqazaq.kz

Шәкәрімнің мүрдесі салынған шабадан

22 қараша 2018, 11:58

Семейдегі Абай мұражайы құнды жәдігермен толықты. Қарауыл ауылының тұрғыны Айдар Доланбеков Шәкәрім Құдайбердіұлының сүйегі салынған чемоданды мұражай қорына тапсырды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Шабадан 1952 жылы жасалып шыққан екен. Ұзындығы 72, ені 46 см. Бұл зат Қарауыл ауылының тұрғыны Кенжетілеу Доланбековке тиесілі. Ал 1931 жылы жендеттер Шәкәрімді атып өлтіріп, денесін құдыққа тастаған кезде жазалаушылардан аман қалған ұлы Ахат әкесінің сүйегін 1961 жылы шығарып алған. Сөйтіп, осы шабаданға салып Жидебайға әкеліп жерлеген. Содан бері құнды жәдігер Доланбековтер әулетінде сақталып келіпті. Енді Ұлы Абайдың немере інісінің сүйегі тасымалданған тарихи шабаданды мұражайдан көруге болады.

Қуат Қиықбай, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық- мұражайының аға ғылыми қызметкері:

-Келуші қонақтар үшін шамадан Шәкәрім залында тұратын болады. Біз қысқаша қазақ, орыс және ағылшын тілінде аннотациясын беретін боламыз.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді