jasqazaq.kz

«Шәйнекпен күйдіріп, зорлады». 22 жыл құлдықта өмір сүргенін айтты

24 қыркүйек 2020, 10:51

39 жастағы Мәдина Аманбаева өмірінің көп бөлігін Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында шалғайда жатқан фермада өткізген. Ол жерде оны еріксіз ұстап, оған түрлі зорлық-зомбылық жасалған. Бұл туралы «Астана» телеарнасының сюжетінде айтылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Ол соққыға жығылғанын, қасккөйдің ыстық су құйып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтты. Таңнан кешке дейін шаруашылықта тегін жұмыс істеген. Фермада балалары дүниеге келген. Алайда сюжетке сүйенсек, ол өзін фермада күштеп ұстағанын дәлелдей алмай отыр.

«Жаман өмір сүрдім. Ер адамдармен төсекке жатқызатын, ұратын, шәйнекпен күйдірді, арқамнан таяқпен ұрды. Бүйрегімнен тебетін. Кім ұратын? Шаруашылық иесі мен әйелі. Және ағасы болатын», — деп еске алады ол.

Қазір құқыққорғаушылар полицейлерден тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Олардың айтуынша, бұл — жалғыз жағдай емес. Қарағанды облысында жыл ішінде адам сату және заңсыз бостандығынан айырумен байланысты 5 қылмыстық іс жабылған.

Мәдина мамыр айында полицияға бар жағдайды айтып берген. Бірақ шаруашылық иелері кінәміз жоқ деп отыр.

«Ақша төледік. Қамап ұстамадық. Кетуіне болатын еді», — деген олар.

Нәтижесінде «Заңсыз бас бостандығынан айыру» ісі жабылған. Құқыққорғаушылар елді мекендерден жүздеген шақырым алыста жатқан қыстақтан кету оңай емес екенін айтады. Ал полицейлер мұны ескермеген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық