jasqazaq.kz

Шай когнитивті қызметтерге де жақсы әсер етеді

23 қыркүйек 2019, 10:34

Ең кем дегенде аптасына төрт рет шай ішу ми байланысының тиімділігін арттырады. Бұл туралы зерттеу Aging ғылыми журналында жарияланды.

Автордың айтуынша, шайдың пайдасы мен зияны туралы зерттеулердің көбі нейропсихологиялық әдістерге негізделген, ал бұл топ нейровизуалиция арқылы зерттеу жүргізген. «Зерттеуге қатысушылар екі топқа бөлінді. Бір топта шайды көп ішетіндер, ал екінші топта шайды мүлдем ішпейтіндер немесе сирек ішетіндер болды. Айта кетерлігі, бірінші топтағы 30 адам соңғы жиырма бес жылда ең кем дегенде аптасына төрт рет шай ішкен. Олардың жасы алпыстан асады. Зерттеу барысында қатысушылардың денсаулығы, өмір салты мен психологиялық ахуалы ескерілген, сондай-ақ олар нейропсихологиялық тестіден өткен. Сонымен қатар, әр қатысушының миы магнитті резонансты томография арқылы сканерленген», деп жазылған мақалада. Нәтижесінде шайды көп ішетін топтағы адамдардың миындағы нейронды байланыс тиімділігі екінші топқа қарағанда жақсырақ болып шыққан. «Ми бөліктерінің арасындағы байланыс тиімді болған сайын ақпаратты өңдеу де жақсы болады», дейді зерттеу тобының басшысы Лэй Фэн. Оның айтуынша, шай когнитивті қызметтерге де жақсы әсер етеді. Конитивті қызмет пен ми құрылымы тығыз байланысты болғандықтан, енді ғалымдар шайдың құрамындағы биологиялық белсенді заттардың интеллектіге әсерін зерттеп көрмек.

inform.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда