jasqazaq.kz

Шай ішуге келген көршісін оқтаумен ұрып өлтірді (Видео)

13 мамыр 2021, 21:09

Шай ішуге келген көршісін ұрып өлтірген. Көкшетауда 53 жастағы азаматты оқтаумен ұрып о дүниеге аттандырған күдікті ұсталды. Ол жазадан жалтару үшін марқұмның мүрдесін жатын бөлмеден тауып алдым деп полицияға өзі хабар беріпті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Санағам жоқ, айттым ғой, үш рет бетінен ұрдым, тіземмен 4-5 рет.

— Тізеңмен қай жерінен ұрдыңыз?

— Бет тұсынан, кеудесінен. Құлап қалды.

Әу баста полицияға хабар берген бұл азамат көршісі кешқұрым дене жарақатымен келгенін айтқан. Ұйықтап тұрып, жатын бөлмеден өліп қалғанын көрдім деп өзіне шаң жуытпаған. Үйін тінткендекереуеттің астынан полиция қанға боялған ағаш оқтау тауып алды. Ал үстел үстіндегі бос шөлмекке қарап, екеуі бірге ішімдік ішкен деген болжам айтылуда. Тәртіп сақшылары марқұмның денесінде сау тамтығы қалмаған дейді. Оны күдікті әбден тепкілеп, оқтаумен өлімші етіп сабап тастағанын мойындады.

Ерлан Қасым, Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары:

— Тергеуде ол азаматтың өзі күдікке ілікті. Өзара жанжал туып, көршісін ұрып өлтірген соң барып ұйықтап қалған. Кінәсін толық мойындады. Қазір «адам өлтіру»бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша қамау абақтысына жабылды.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия