jasqazaq.kz

Шахтинскте мұғалім балаларды ақымақ маймылдар деп қорлаған

10 қыркүйек 2021, 11:01

Шахтинск қаласындағы №6 орта мектептің мұғалімі балаларды ақымақ маймыл деп атаған. Оқушылар мұғалімнің сөзін диктофонға жазып алып, әлеуметтік желілерге таратты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аудиожазбада мұғалімнің оқушылардан мектеп дәлізінде тек маска тағып жүруін талап еткенін және карантин режимін бұзған балалардың ата-анасына айыппұл салынатынын айтып қорқытқаны естіледі.

«Егер тағы бір рет біреуіңді, дәлізде маска тақпай жүрген бір маймылды көрсем, оның анасы немесе әкесі осында тұрып, айыппұл толтырады. Мұндай ақымақ маймылдардың кесірінен сыныптар топ-тобымен карантинге жабылады. Екі күнде екі сынып карантинге жабылды. Мен сендер сияқты маймылдарға масканың не екенін, дәлізде неліктен маска тағып жүру керек екенін, кімдер тәуекел тобына кіретінін түсіндіруге міндеттімін. Ал егер сендер мұны түсінбейтін ақымақ болсаңдар, онда ата-анаң келіп, ақ бетке қара қаламмен жазып берсін: менің ұлым немесе қызым ақымақ, түсінбейді. Онымен қоса мен де», — дейді мұғалім балаларға.

Аудиожазба оқушылардың ата-анасы тіркелген чаттарда таралып, резонанс туғызған. Олар білім бөліміне шағымданып, жазбаны жергілікті әкімдіктің Telegram-арнасына жіберген. Ата-ана балалар мұндай қорлау сөздерді жиі еститінін айтып шағымданатынын жазған.

Шахтинск қаласының білім бөлімі мән-жайды түсіндірді. Департамент ертең Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы болатынын, онда бұл мәселе қаралатынын айтты.

«Қарағанды облысының Білім басқармасы Шахтинск қаласындағы мұғалімнің мінез-құлқына құқықтық баға беретінін қосымша хабарлаймыз», — деп толықтырды ведомство өкілі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде