jasqazaq.kz

Шахтадағы өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ

16 ақпан 2020, 11:57

Қарағанды облысында шахтада тұтанған өрт ауыздықталды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай, 15 ақпан күні сағат 21.30 шамасында Шахтинск қаласына жақын орналасқан шахтада өрт болды. Жалын 100 метр тереңдікте тұтанған. Шахтада болған 116 адам жер бетіне эвакуацияланды.

Өртті сөндірумен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтері» Республикалық орталық штабы» ЖШС-ның 60 маманы мен 6 техникасы айналысты.

«ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім еткендей, жалын 6 сағаттан кейін сөндірілді.

«100 метр тереңдікте көмір массивінің жарықтарынан жанып жатқан метан ара-тұра атқылап тұрды. ҚР ИИДМ «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтері» Республикалық орталық штабы» ЖШС-ның жүргізген шараларының нәтижесінде жалын 03:40-та өшірілді. Кейін аталған учаскеде көмір массивін суыту жұмыстары жүргізілді. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері нормадан аспайды. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», — деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия