jasqazaq.kz

Шаһизада сүйіктісі бар екенін айтты

07 наурыз 2019, 11:26

50-ден асқан отандық әнші Шаһизада сүйгені бар екенін ашып айтты. Танымал өнер иесі ғашығының өзіне күнделікті сезім білдіретінін мәлім етті деп жазады «7» арнаның «Гу-гу-лет» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, оған жас жігіттер де желіде жиі хат жазады екен.

«Маған өте көп жазады. Жасырмаймын. Маған «Махаббат жасқа қарамайды» деген көзқараспен қарайды деп ойлаймын. Тойда отырмын, маған жас жігіттер жазып жатыр. «Қандай әдемісіз», «Танысуға болады ма?» деп жазады», — дейді Шаһизада.
Сондай-ақ, әнші өзінің сүйікті азаматының жанында екенін мәлім етті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ⚜️Шахизада⚜️ (@shahizada.art)

«Жанымда жақсы ер азамат жүр. Күнде «Жаным сол. Жақсы көрем» дейтін адам бар. Сондықтан мен әдемі болып жүремін», — деді әнші.
Сонымен қатар, өнер иесі болашақта тұрмысқа шығатын болса, оның өнер әлемінен алыс болғанын қалайтынын жеткізді.

«Болашақта тұрмыс құратын болсам, ерімнің өнер жолында жүргенін қаламаймын. Өнер жолы оңай емес. Қызғаныш деген өте көп болады. Шынымды айтсам, маған тіреу болатын беделді, мықты, жаныма жалау болатын, өтірік сөйлемейтін азамат жолықса деп армандаймын. Өзімнің пейіліме, көңіліме қарай алдымда әлі керемет махаббат күтіп тұрған шығар», — деді Шаһизада.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда