jasqazaq.kz

Шұжықта құс қауырсыны қайдан жүр? (видео)

21 желтоқсан 2016, 21:49

Көкшетау тұрғыны сатып алған шұжықтан (колбаса) құстың қауырсыны мен мамығы шықты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ватсап əлеуметтік желісін қолданушылардың бірі жіберген. Ұялы телефонға түсірілген бейнетаспада шұжық (колбаса) сатып алған ер адамның оның ішінен шұжық құрамына кірмейтін құстың мамығына ұқсас затты пышақпен турап, алып шығуда. Бейнетаспада сөйлеп тұрған адамның айтуынша, аталған шұжықты Көкшетаудағы «Small» көтерме сауда орталығынан сатып алған көрінеді. Оған осы бейнетаспадағы түбіртектен анық байқауға болады. «Қайырлы таң, қазақстандықтар! Əсіресе, көкшетаулықтар. Баршаңызды өткен мерекемен құттықтаймын. Кеше шұжық сатып алып, одан салат жасауды шештік. Сосын əйелім дүкенге барып шұжық сатып алды. Бүгін салат жасаймыз деп шұжықты турап едік, ішінен құстың қауырсыны мен мамығы шықты. Міне, көріңіздер… …МВ сауда белгісімен «мясные времена» деп көрсетілген. Дүкен директорына қоңырау шалып, бүкіл көкшетаулықтарды осы шұжықпен тамақтандырмас үшін тауарды сөреден алып тастауды өтіндік. Ең қызығы, шұжықтың шыққан жері, яғни, реквизиті. Астана қаласы, Бейсембаев көшесі. Бренд. Оған аздай «халал» белгісін көріп тұрмын. Оның мұнда қайдан келгені түсініксіз. Бұдан кейін шұжық (колбаса) жемейтін боламын. Сақ болыңыздар», дейді бейнероликтің иесі. Бейне таспадан байқап отырғанымыздай аталған шұжықтың сыртындағы жапсырма қағазда «ветчина» деп жазылған. «Вечинаның» шошқа етінен жасалынатынын ескерсек, «халал» белгісін жапсырған өндіруші тұтынушыларын алдап отырғаны айдан анық.

 

https://www.youtube.com/watch?v=B0N3ed0BTHY

 

ҚазАқпарат

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті