jasqazaq.kz

Сеулде коронавирусқа байланысты 42 мектеп жабылды

06 ақпан 2020, 14:05

Бейсенбі күні Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулдің шығыс бөлігіндегі бес мектепте коронавирустың жаңа түрінің таралуын тежеу үшін төтенше шара ретінде сабақты тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Вирус жұқтырғандардың бірі Сонгпада тұратыны туралы хабарламадан кейін Сонгпа округінде және Гангдонг округіне жақын аудандарда төрт бастауыш және бір орта мектеп жабылды, деп хабарлайды Yonhap. Сонбук-гу және Джуннанг округтеріндегі, Сеулдің солтүстік-шығыс аудандарындағы 42 мектеп жаңа коронавирусты жұқтырған пациент тұрған жерден бір шақырым қашықтықта орналасқан. Сол себепті аталған білім ошақтары бүгіннен бастап жеті күнге сабақты тоқтатуға мәжбүр болды. Елдің Білім министрлігі сақтық шарасы ретінде университеттерге сабақты төрт апта кейінге шегеру жөнінде ұсыныс білдірді. Бейсенбі күні Оңтүстік Корея тағы да төрт адамның вирус жұқтырғанын хабарлады. Осылайша, пневмонияға шалдыққандар саны 23-ке жетті. Қазіргі уақытта коронавирус 27 елде анықталған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия