jasqazaq.kz

Сержант алған парасын қорыққаннан жеп қойды

05 желтоқсан 2017, 16:40

Тексеру қызметінің бұрыңғы басшысы өзіне берілген параны 60 есе қылып айыппұл ретінде қайтаратын болды. Бұл туралы stan.kz хабарлады.

Павлодар облысына қарасты әділет департаментінің аға сержанты өзіне берілген параны қорыққаннан жеп қойды,-деп жазды Екібастұзға қарасты қалалық соттың баспасөз қызметі.

Қамау абықтысының тексеру-қадағалау бөлімінің басшысының үстінен осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Ол абақтыда отырған адамдардың бірін түңгі уақытта босатуға келіскен. Осы жақсылығы үшін бас бостандығынан айырылған адам оған 8 мың теңге бермекші болады. Сондай –ақ ол қамаудағы адамнан азық- түлік алып келуді де талап еткен.

Осы жылдың 1 маусымында жазасын өтеуші мен түрме қызметкері кездесіп, келісілген ақша мен азық-түлікті берген.

Ұстау операциясы кезінде түрме қызметкері қаша жөнелген. Қылмысын жоққа шығару үшін өзіне берілген ақшаны шайнап, жұтып жіберген. Кейіннен абақты қызметкері жұтып қойған ақша сыртқа шығарылды.

Осы қылмысы үшін түрме қызметкері алған ақшаны 60еселеп яғни 530 400теңге қылып қайтаратын болды. Оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді. «Әділет департаментінің аға сержанты» деген атағынан да айырылған.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды