jasqazaq.kz

Серікқали Брекешев экология министрі болып тағайындалды

10 қыркүйек 2021, 12:59

Серікқали Брекешев экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Ақорда сайты.

«Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Серікқали Брекешев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарған болатын.

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Атырау политехникалық институтын «мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1995-1997 жылдары «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК бас директорының орынбасары, экономист болып жұмыс істеген.

1997 жылы Ақтау қаласы бойынша Салық бөлімінің жедел бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

1997-1998 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасы филиалының құбырлар және металл бұйымдары бөлімінің 8-ші разрядты инженері, көлік, арнайы техника мен қосалқы бөлшектер бөлімінің инженері.

1998-2006 жылдары — «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ пайдалану жөніндегі инженері, кен орнында мұнай өндіру шебері, кәсіпшілік менеджері.

2007-2014 жылдары энергетика және минералды ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2015 жылдан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді — Техникалық саясат департаментінің директоры, ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директор, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, өндірістік-техникалық департаменттің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде