jasqazaq.kz

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

30 қантар 2019, 11:52

Серік Сәпиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Комитеттің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаеваға сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, ҚР Парламент Мәжілісі депутат Серік Сәпиевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдағанын бұған дейін жазған болатынбыз. Сондай-ақ, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин Сәпиев еңбек жолын мемлекеттік қызметте жалғастыра беретіндігі туралы айтқан еді. Серік Жұманғалиұлы Сәпиев, Қарағанды облысы Абай қаласында 1983 жылғы 16 қарашада дүниеге келген. 2002-2004 жылдары — Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарында борышын орындаған. 2003-2009 жылдары — Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде дене шынықтыру оқытушысы және құқықтану мамандықтары бойынша білім алған. 2011-2014 жылдары — тау-кен істерінің бакалаврі мамандығы бойынша ҚарМТУ-ін бітірген. 2014-2016 жылдары — Қазақ спорт және туризим академиясының академиялық педагогика ғылымының магистрі дәрежесін алған. 2014 жылы — «Болашақ» бағдарламасы бойынша спорт менеджері мамандығын алған. 2004-2014 жылдары — келісімшарт бойынша мерзімнен тыс әскери қызметте болған. 2010-2012 жылдары — «Қазақстанның бокс федерациясы» ФА ОЮЛ жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарған. 2013-2014 жылдары — «Қазақстанның бокс федерациясы» ФА ОЮЛ спорт жөніндегі директоры. 2005-2013 жылдары бокс жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық командасының штаттында нұсқаушы-спортшы. 2014-2017 жылдары — ЖШС «Astana Arlans» КСК бас директоры. 2017 жылдың 28 ақпанынан — VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі болған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде