
Бүгін БАҚ-та генерал-майор Серік Күдебаевтың ҚР Ішкі істер органдарынан кеткені туралы ақпарат тарады. ІІМ баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Серік Күдебаев Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы қызметін атқарып келді. Алайда, 26 қаңтарда криминалдық жағдайды ескере келе кадр әлеуетін нығайту, қылмыспен күресті күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін Президент әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Заппаров Арыстанғали Расылханұлы Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды .