jasqazaq.kz

«Сергек» жол ережесінің бұзылғанын қалай хабарлайды?

27 қараша 2019, 15:29

Нұр-Сұлтан қаласында «Сергек» жүйесі арқылы жүргізушілердің 1 млн 219 жол ережесін бұзғаны анықталған.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. «2019 жылдың басынан бері 1 000 219 бұзушылық анықталды. Ереже бұзу туралы хабарламаны жеткізу Полиция департаменті және «Қазпошта» АО-мен келісімшартқа отыру арқылы қарастырылған. Сондай-ақ SMS-хабарлама арқылы да жеткіземіз», — деді Нұр-Сұлтан қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқарма басшысы Елжан Шүпеков. Бейнебақылау камералары көліктердің жылдамдықты асырғанын, автобустарға арналған арнайы жолақшаларына шығып кеткенін, стоп сызықшаларынан асып кеткенін қадағалайды. Өз сөзінде «Сергек» жобасын енгізгелі жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алушылар саны 10% азайғанын, ал жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмғандар саны 45% азайғанын айтып өтті. «Бүгінгі таңда қалада 400 көше қиылысы мен 300 желілік учаскеге жол қозғалысы ережесі мен логистиканы бақылауға бағытталған 6 118 бейнекамера орнатылды», — деді Елжан Шүпеков. Айта кетсек, 2017 жылы елордада ІТ және қауіпсіздік саласындағы алғашқы «Сергек» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы басталған болатын.

24.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда