jasqazaq.kz

«Сергек» арқылы алматылықтарға 7 млрд теңге айыппұл салынды

30 сәуiр 2021, 12:50

Алматы қаласының бюджетіне «Сергек» камераларынан 2020 жылдың қаңтарынан бастап жеті млрд теңге түсті.

Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының бастығы Ернұр Абжахан қалалық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясында айтты. Ернұр Әбжаханның айтуынша, бүгінгі күні қалада 2284 «Сергек» бейне-бақылау камерасы жұмыс істеп тұр. «2020 жылдың қортындысы бойынша, жолдағы өлім-жітім 48%, жол-көлік оқиғалары 29%, жарақат алған адамдармен болған жол-көлік оқиғалары 30% төмендеді. 16 айда қала бюджетіне 7 миллиард теңге түсті «, — деді спикер.

Оның айтуынша, «Сергек» жүйесі жол ережелерін бұзушыларды анықтауға мүмкіндік берді. Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 25 бұзушы, жалған мемлекеттік тіркеу белгілері бар 9 бұзушы, жол ережесін тұрақты бұзушылар анықталды. Жалпы, 144,6 млн теңге сомасына 11 мыңға жуық ұйғарым шығарылды.

«Сондай-ақ, әділет және мемлекеттік кірістер департаментімен бірге салық берешегі бар және 1,2 млрд теңгеге алимент төлеуден жалтаратын тұлғалар анықталды. Мұндай борышкерлердің 23 көлігі қарызды төлеуге дейін мамандандырылған айыппұл тұрақтарына орналастырылды»,-дейді спикер.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия