Бәріне ортақ журналистика
Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Бәріне ортақ журналистика Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз, дизайн, тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Спорт тақырыбына қызығатын Бақытжан Омашевтің шағын ақпаратын жариялап отырмыз.

Сербияның астанасы Белград қаласында бокстан әлем чемпионаты басталды. Жазғы Олимпиада ойындарында алтын медальсіз қайтпаған боксшыларымыз үшін биылғы жаз тым сүреңсіз болды. Азия чемпионатынан ерлеріміз алтын медальсіз қайтты, одан кейін Токио Олимпиадасында чемпион атану былай тұрсын, жартылай финалдан аса алмай, екі қола медальді місе тұтты.
Осыдан кейін үлкен сынның астында қалған бокс құрамасы үшін Сербиядағы сайыстың салмағы ауыр. Әзірге Қайрат Сәтжанов баптайтын ұлттық құрамамыздың екі боксшысы алғашқы айналымнан сәтті өтті.
57 келі салмақта Серік Теміржанов моңғол боксшысын айқын басымдықпен ұтты. Азия чемпионы деген атағы бар моңғолиялық жерлесіміздің тегеурініне төтеп бере алмады.
Ұлттық құраманың капитаны Абылайхан Жүсіпов тайпейлік боксшыны түре сабады. Рингті айнала отырған төрешілер бірауыздан жеңісті біздің боксшыға берді.
Әлем чемпионатының алғашқы күнін осылай сәтті бастады жігіттер. Алтын медальға жетпей сүрінбесе екен деп тілейміз.
Бақытжан Омашев, І топтағы мүмкіндігі шектеулі жан,
Алматы қаласы.