jasqazaq.kz

Сербия құрамасы Коста Риканы ұтты (видео)

17 маусым 2018, 20:23

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатында Е тобының алғашқы тур ойындарын Коста Рика және Сербия құрамалары бастап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Күштері шамалас болғандықтан, тең күрес болатыны о бастан белгілі еді. Сәйкесінше, гол соғу да оңай болған жоқ. Жанкүйерлер осы ойында гол көруі үшін 56-минутқа дейін күтуге мәжбүр болды. Коста Рика сапында Давид Гусман айып алаңының сыртында ереже бұзды. Александр Коларов айып добынан керемет гол соғып, Сербияны алға бастады. Жіберілген голдан соң Оскар Рамирес шәкірттері шабуылға бар күшін салды. Ойын сапасын арттыру үшін Рамирес ойыншыларды алмастыра бастады. Алдымен Йохан Венегастың орнына Кристиан Боланьосты, артынша Маркос Уреньяның орнына Хоэль Кемпбеллді шығарды. Бұл өзгерістер нәтиже бере қоймады. Давид Гусманның орнына Даниэль Колиндресті шығарды. Бірақ есептегі өзгерістің ауылы алыс еді. Сербиялықтар ойынды бақылауда ұстап, шабуылға ара-тұра ұмтылып отырды. 87-минутта Александр Митрович өте қолайлы сәтке ие болды. Бірақ қақпаға пәрменді соққы бағыттауына қорғаушылар кедергі жасап үлгерді. Төреші ойынның негізгі уақытына 5 минут қосып берді. Бірақ енді гол соғылуына бұл жеткіліксіз болды. Сербия 1:0 есебімен жеңіске жетіп, Е тобында үш ұпаймен көш бастады.

https://youtu.be/tswdE5iKWow

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде