jasqazaq.kz

Сенімге селкеу келтіргендерге айыппұл салынады

07 ақпан 2018, 11:39

Қазақстанның дін істері жөніндегі министрлігі діндарлар мен дінге сенбейтіндерге тіл тигізгендерге айыппұл салатын бап енгізгісі келеді. Заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысында депутаттар мұндай өзгерісті қолдады.

Қазіргі заңдарда «діни сенімге тіл тигізгендерге» қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, бірақ атеистер туралы ештеңе айтылмаған. Заң жобасында діндарларға немесе дінге сенбейтіндерге дінге қатысты тіл тигізгендерге 50 айлық есептік көрсеткіш — 120 мың теңге ($370), ал заңды тұлғаларға 481 мың теңге ($1483) айыппұл салу қарастырылған. Азаматтық қоғам және дін істері жөніндегі вице-министр Берік Арынның айтуынша, осындай ұсыныс мәселені басқа да дін өкілдерімен талқылау кезінде туындаған.
Оның пікірінше, дінге сенбейтіндер қазір дінге қатысты пікірін көрсетуден қорқып қалған.
«Сену немесе сенбеу — азаматтардың өз құқығы және еркіндігі», — деді Берік Арын.
Министрлік ұстанымын заң жобасы талқыланған жиынға қатысқан мемлекеттік орган қызметкерлері мен депутаттар қолдады.

centralasian.org

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды