jasqazaq.kz

Сенатта ТүркПА байқаушыларымен кездесу өтті

17 наурыз 2023, 18:52

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлау мәресіне санаулы күндер, тіпті санаулы сағаттар қалды. Бұл сайлаудың мән-маңыздылығы, ерекшелік пен артықшылығы айтылып жатыр. Сайлауды бақылауға жалпы саны 700 байқаушы тіркелген екен. Олардың арасында шет мемлекеттердің өкілдері және халықаралық беделді ұйымның арнайы делегациялары да бар. Сондай делегациялар қатарында ТүркПА миссиясы байқаушыларымен бүгін Сенат қабырғасында кездесу өтті.

Ел Президентінің тура бір жыл бұрынғы жолдауында Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы осы жылдың алғашқы жартысында өтетіндігі жарияланған еді. Содан бері тура жарты жыл өтті.

Бұл аралық — сайлауға түсетін кандидаттар мен саяси партияларға дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге берілген үлкен мүмкіндік.

Конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеуде жеңілдетілді. Соның әсерінен жаңа саяси партиялар құрылды. Бұл – жаңа саяси кезеңдегі азаматтық қоғамның дамуына ықпал ететіндігі сөзсіз.
Осыған орай, бүгін бірқатар Сенат депутаттарының қатысуымен, ТүркПА миссиясының байқаушыларымен кездесу өткен болатын. Кездесуге Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, сенаторлар Бибігүл Жексенбай, Руслан Рүстемов және Нұрлан Бекенов қатысты.

Кездесу барысында, ТүркПА миссиясының байқаушылары Ел Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаларға тоқталып өттік.

«Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлау жаңа аралас жүйе бойынша өтеді. Мәжіліс депутаттарының 70%-ы пропорционалды, ал 30%-ы мажоритарлық жүйе бойынша жасақталады. Яғни, партиялар 69 орынға, ал бір мандаттылар 29 орынға таласады. Бұл әртүрлі әлеуметтік топтар мен саяси партиялардың мүшелерін сайлауға мүмкіндік береді және Парламенттің өкілдік қызметін қамтамасыз етеді. Мәжіліс депутаттарын сайлау ауқымды ішкі саяси өзгерістер аясында өтетінін айта кету керек», — деді Нұртөре Жүсіп.

Кездесуге Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысының депутаттары Режеп Шекер, Шенель Йедийлдыз және Юксел Өзқан, Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты Хикмет Маммадов, ТүркПА Бас хатшысы Мехмет Сурея Эр қатысты.

JQ-Aqparat

04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды