jasqazaq.kz

Сенаторлар университет ұжымымен кездесті

27 мамыр 2022, 18:21

ҚҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров және Айгүл Қапбарова Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Сенаторлар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып, оқу орнының ұжымымен кездесті.

Нұрлан Құдиярұлы мен Айгүл Жарылқасынқызымен өткен кездесуге оқу орнының ректоры Гүлжан Сүгірбаева бастаған оқытушылар құрамы, профессорлар, студенттер қатысты. Конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған жиын «Халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейтудегі құқықтық тетіктер» тақырыбына арналып, еркін форматта өтті. Сенатор Н. Бекназаров соңғы жылдардағы елдегі саяси жүйеде өзгерістер болып жатқаны көпшілікке мәлім екенін айтып, 5 маусымда болатын реформа солардың негізгісі екеніне тоқталды. «Ондағы негізгі мақсат – Ата заңғы өзгеріс енгізу» деді сенатор. Ал Айгүл Қапбарова сапалы өзгерістер ел дамуының өзегі деп атап өтті.

– Бұл жолғы өзгерістер – өте маңызды. Себебі, «Халық» сөзі алғаш рет кең ауқымда қолданылып отыр. Яғни, елдегі негізгі билік көзі – халық. Елдегі ауқымды өзгерістер халықтың шешімінсіз қабылданбайды. Ал Конституция – еліміздегі саяси жүйенің темірқазығы, – деді Айгүл Жарылқасынқызы. Жиында ОҚМПУ оқытушылары, тарихшылар сөз алып, Қазақстан тарихындағы өзгерістерге тоқталды.

Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер жайы айтылды. Атап айтқанда, қолданыстағы модельді жүйелі түрде трансформациялау, мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құру, билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы бағытын қалыптастыру мәселелері қозғалды. Студенттер заң өкілдеріне сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Қазақстанның әрбір азаматы Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі туралы өз пікірін білдіруге құқылы екені заңда көрсетілген. Сондықтан да біз Мемлекет басшысының Конституцияға ұсынылатын түзетулерді референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беруге шығару туралы шешімін қолдаймыз. Бұл азаматтардың сенімін ақтайтын дұрыс қадам. Референдумның нәтижелері халықтың еркі мен оның ел болашағын түсінуінің айқын дәлелі болмақ.

Айта кетсек, ҚР Конституциясына 1995 жылы референдум арқылы, ал 2007, 2011, 2017 жылдары Парламент арқылы өзгерістер енгізілген болатын.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде