jasqazaq.kz

Сенатор: Сейсмология институтының қазіргі жағдайы сын көтермейді

01 наурыз 2018, 17:40

Еліміздегі Сейсмология институтының жабдықтары қазіргі заманға сай емес және ғимараттарының жағдайы сын көтермейді. Бұл туралы сенатор Аңсар Мұсаханов Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді. Бұл туралы Baq.kz-ке сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.

Ол 2018 жылдың 11 қаңтарында Сенат депутаттары Сейсмология институтында болып, еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарымен танысқанын атап өтті.

«Сейсмология институтының қазіргі жабдықтары бүгінгі күн талаптарына сай келмейді, станция ғимараттарының жағдайы сын көтермейді. Қазіргі қолданыстағы 63 станцияны толыққанды қайта жабдықтап, республикамызда сейсмикалық қауіпсіздікті қадағалау мен кеңейту үшін жаңадан 52 станция мен 40 жер сілкінісі бекеттерін ашу қажет», — деді сенатор.

Ол Алматы қаласының сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын ескере отырып, Астана қаласында сейсмикалық мәліметтерді жинау мен өңдеудің қосарлы орталығын құруды ұсынды.

«Бұл зардапты жер сілкінісі болған жағдайда мемлекеттік атқарушы билік органдары Қазақстанның кез келген аумағынан тиісті ақпарат алып тұруына және залалдың зардабын жоюға, қауіпті аймақтардағы адамдарды тиісті көмек көрсетуді жедел ұйымдастыруына маңызы зор болмақ. Сейсмология институты құрамындағы сейсмологиялық бақылау станциялары және тәжірибелі әдістемелік-экспедиция ұйымдары орталық мемлекеттік органға ведомствалық бағынышты болу керек деп санаймыз. Жер сілкінісі қатеріне ұшырауға бейім аумақтардың сейсмикалық шағын аудандастыру картасын жасу үшін сейсмологиялық институты серіктестігінің жұмыстарын бюджеттік қаржыландыруды сұраймыз», — деді сенат депутаты Аңсар Мұсаханов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде