jasqazaq.kz

Сенатор: Ауыл халқының табысын қалай арттыруға болады?

19 қантар 2023, 11:58

Сенат депутаты Әбдәлі Нұралиев Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында ауыл тұрғындарының табысын қалай арттыруға болатынын айтты деп хабарлайды JQ-Aqparat Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор ауылда тұратын ағайынның әлеуетін арттырып, тұрмысын жақсартудың тиімді тұсы қандай екенін жіпке тізгендей етіп айтып берді. Депутат сөзім жалаң болмасын деп, мысал ретінде «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» пилоттық жобасының тиімділігін тілге тиек етті.

«Пилоттық жобаның нәтижесінде, жеке кәсіпкерлер саны 2 282 артып, 589 жаңа жұмыс орындары ашылуы есебінен жұмыссыздар саны 194 адамға кеміді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1 058 отбасыға немесе 65% азайды. Сонымен қатар, жоба аясында мал-басы ұлғайып, ет және сүт өндірісі артқан. Жоба жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдауға негізделген. Пилоттық жобаның аясында қосымша 40 ауылдық округтеріндегі 4 000 жобаны жүзеге асыру үшін 20 млрд теңге қаражат қажеттілігі туындауда. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 014 «Ауыл халқына ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтауға микрокредиттер беру» бюджеттік бағдарламасы аясында аталған соманы республикалық бюджеттен бөлуге жәрдемдесуді сұраймыз» деді сенатор.

Ауыл – қазақтың жаны, күре тамыры. Ауылдың гүлдеп, көркейгені, халқының тұрмысы түзелгені мемлекеттің нығаюына серпін берер үлкен күш. Сондықтан ауыл дегенде ештеңені аямау керек. Сенатордың үкімет басшысына жолдаған депутаттың сауалының түйіні де осыған саяды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді