jasqazaq.kz

Сенат Төрағасы: Мемлекеттік сатып алуға алып-сатарлар көп қатысады

04 наурыз 2020, 12:13

Тапсырыс беруші төмен бағаға қызығып, сапасыз импорттық тауар алады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева мәлім етті.

«Қазақстанда қазіргі уақытта 1071-ден 40 ірі және орта жеңіл өнеркәсіп саласы ғана жұмыс істеп тұр. Яғни, жеңіл өнеркәсіптің әдеттегі кәсіпорны — бұл тігін немесе аяқ киім фабрикасы емес, ателье және артель. Кейбір салаларда 1 ғана ірі немесе орта кәсіпорын бар. Бұл ретте барлық кәсіпорындардың орташа қуаттылығы 26 пайыздан сәл асады. Саладағы қызметкерлер тізімі 12 700 адам, ал шынайы түрде – 9 300. Бұл көрсеткіш кеңестік уақытында 200 000 болған», — деді Д. Назарбаева Сенатта еліміздегі жеңіл өнеркәсіп тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда. Оның сөзіне қарағанда, еліміз жеңіл өнеркәсіп өнімдерін экспорттағаннан гөрі, 17 есе көп импорттайды. «Қазіргі кезде Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке көбінесе ведомстволық мемлекеттік тапсырыстар арқылы қолдау жасалып отыр, солардың есебінен кәсіпорындар жұмысын жалғастыруда. Бірақ түрлі себептерге байланысты бұл кәсіпорындарға технологиялық тұрғыдан дамуға, ассортиментті кеңейтуге мүмкіндік бермейді. Мемлекеттік сатып алуға алып-сатарлар көп қатысады. Тапсырыс беруші төмен бағаға қызығып, сапасыз импорттық тауар алады. Нәтижесінде, бюджет қаражаты елден шығарылып, басқа елдердің экономикасын дамытуға демеуші болады», — деді Сенат төрағасы.

ҚазАқпарат

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық