jasqazaq.kz

Сенат депутаты оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасын сынға алды

13 мамыр 2021, 12:08

Сенат депутаты Әлімжан Құртаев «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысын сынға алды. Депутаттың айтуынша, әкімдіктер қоныс аударушыларға лайықты жағдай жасамайды.

Депутат премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдады.

«Көшуге ниет білдірген отбасы оларды қабылдайтын өңір туралы толық ақпарат ала алмайды. Сондықтан оларда таңдау шектеулі. Кейбір әкімдік отбасын қалаған ауылына емес, әкімдік көрсеткен ауылға жібереді. Тағы бір мәселе — тұрғын үй мәселесі. Кейбір өңірде жаңа жеке тұрғын үйлерді салу жұмысымен фермерлік шаруашылықтар айналысады және үйді ресми келісу процесін толық өткізбестен тұрғыза береді. БАҚ-та жарияланған ақпарат бойынша, құрылыстың сапасы қойылатын талаптарға сай емес», — деді Құртаев палата отырысында.

Сенатор түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды. Оның айтуынша, қоныс аударушылар үшін call-орталықтар ашу қажет, онда толық ақпарат пен барлық сұраққа жауап берілуі керек.

«Сall-орталықтар тиімді жұмыс істеуі үшін бос жұмыс орындары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, өңірде шаруашылықтың қандай түрімен айналысуға болатыны және т.б. мәселелер бойынша көшуге ниет білдіргендерге ақпарат бере алатын мамандарды тарту қажет. Банкте несиесі бар қоныс аударушыларға 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге демалыс беруге болады. Бұл да маңызды, себебі көшу барысында туындайтын қарыздар салдарынан азаматтарға субсидия беруден бас тартылады», — деді Әлімжан Құртаев.

Тұрғындарды Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне көшіру бойынша «Еңбек» бағдарламасы «жұмыс күші артық өңірден — жұмыс күші тапшы өңірлерге» қағидаты бойынша жұмыс істейді. 2025 жылға дейін оңтүстік өңірлерден 10 мыңға жуық отбасы Солтүстік Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлап отыр.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия