jasqazaq.kz

Сенат депутаты: Әділетсіздікті көрсек, әрқашан араласамыз

21 ақпан 2019, 14:42

Сенат депутаты Дариға Назарбаева қоғамның назарын аударған оқиғаларды үнемі бақылап отыратынын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik.

Отырыстан шыққан сенатор журналистерге әлемдегі және Қазақстандағы жаңалықтарды үзбей оқып отыратынын айтты. Сонымен қатар ол жағымсыз жаңалықтарды да қалт жібермейді екен.

«Әрине, оқимын. Оларды қалай оқымайсың? Біз болған жағдайға пікір білдіруіміз қажет қой. Пікірлерді оқимын, қоғамның реакциясына қараймын», — деді Назарбаева.
Сонымен қатар ол қоғамда әділетсіздік болса, оған депутаттар да араласатынын атап өтті.

«Егер әділетсіздікті көрсек, оған әрқашан араласамыз. Бірақ біз оны ашық түрде жарияламаймыз. Жағдайды ушықтырғымыз келмейді. Салалық министрліктермен бір деңгейде ақылдасамыз. Менің ойымша, мұндай жұмыстар талап етіп, айғайлағанға қарағанда конструктивті және нәтижелі болмақ», — деді депутат.

Журналистер Дариға Назарбаевадан неліктен елімізде сөз бостандығы рейтингісі төмендеп бара жатқанын да сұрады.

«Сіз қалай ойлайсыз? Бізде сөз бостандығы бар ма? Біздегі әлеуметтік желіде барлығы ашық жазылуда. Мен сіздің қандай рейтингті айтып тұрғаныңызды білмеймін. Сондай-ақ рейтингтерге көп сене беруге болмайды. Себебі, оны кім және қалай құрастыратынына байланысты. Сондықтан мен рейтинг қуатындарға сыни көзбен қараймын», — деді сенат депутаты клуарда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде