
Әлеуметтік желіде моншада демалып отырған Семей полицейлерінің суреті тарады. Соған байланысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті қызметтік тексеріс бастады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
БАҚ-тың хабарлауынша, монша ішінде түсірілген суретті белсенді Руслан Лазута жариялаған. Айтуынша, фотода жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары бар. Жиналғандар Семей қаласы жергілікті полиция қызметі бастығы лауазымына тағайындалуын тойлаған. Ал отырыс қаңтардың соңында өткен.
Жергілікті полиция суретте Семей қаласының полицейлері екенін растады.
«Расында да әлеуметтік желіде тараған фотода Семей қаласы полиция басқармасының қызметкерлері бар. Аталған факті бойынша Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеруді бастады», — деп хабарлады полиция департаменті.