jasqazaq.kz

Семейлік ғалымдар коронавирусты емдеудің тың әдісін ойлап тапты

26 сәуiр 2020, 11:26

#үйдеотыр

Семей қаласындағы медицина университетінің ғалымдары облыстағы медициналық қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп жұқпалы дертті емдеудің жолын іздеген. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде олар әдістемелік нұсқаулық жасап, жағдайы ауыр науқасты емдеп шығарды.

Семей медицина университетінің ректоры Ерсін Жүнісовтің айтуынша, коронавирус жұқтырған адамдарды емдеу бойынша нұсқаулық дүниежүзілік және жеке тәжірибеге негізделіп жасалған.

«Бұл нұсқаулықта қауіпті дертпен ауыратын науқастарды емдеуге көмектесетін препараттар мен технологияларды рет-ретімен тізбектеп шықтық. Біз елімізде бірінші болып осындай әдістемелік нұсқаулық жасаған екенбіз. Оны қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығардық. Бұл нұсқаулық қазір Қазақстандағы бүкіл облыс, қалаларға таралды», — дейді ол.

Оның айтуынша, университет зерттеу жұмыстарын жиі жүргізеді. Соңғы үш айдың ішінде ондағы ғалымдар вируспен күресудегі әлем тәжірибесін сараптап шыққан. «Ғалымдарымыз

«Коронавирус инфекциясы анықталған науқастарды емдеу нәтижесінің болжамы мен қауіп-қатер картасын» жасады. Дәрігерлер өздеріне ыңғайлы болу үшін нұсқаулықтағы кез-келген бөлімді ашып емдеу кезінде қандай жағдайларға тап болулары ықтимал, қандай проблемалар туындауы мүмкін және оларды қалай болдырмауға болатындығын біле алулары керек. Біз Уханның тәжірибесін зерделеп, ондағы барлық басылымдарды және Оңтүстік Корея мен Жапонияның тәжірибелері жазылған жазбаларды аударып шықтық», — дейді Ерсін Жүнісов.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі