jasqazaq.kz

Семейдің шетіндегі саяжайларды су басып жатыр

28 ақпан 2019, 9:25

Аяқ асты күн жылынғандықтан жер асты сулары көтеріліп кеткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сафура Бакимова, Мирный кентінің тұрғыны:

— Погребтің асты су. Картошкі қоя алмаймыз. Қайта-қайта сүртіп жатырмын. Ешқайда барғам жоқ. Екі жыл болды. Былтыр барғанымда қуып шықты. Балаларыңның үйіне бар дейді.

Бүгінде көшеге жайылған судың деңгейі жарты метрге көтерілген. Тіпті, ойлы жерде тұрған саяжайлар мүлдем су астында қалды. Ал, жұрт кешеден бері тиісті мекемелерге қоңырау шалумен болдық дейді. Әлі күнге дейін оқиға орнына коммуналдық қызметтегілер келмеді деп ашулы. Сондықтан, олар бітелген арықтарды тазарту үшін кімнен көмек сұрайтындарын білмей дал. Ал ондағылар тұрғындардың өздерін кінәлап отыр. Тоғанды бітеме деген ескертулеріне ешкім құлақ аспаған. Кейбіреуі су ағатын арықтың үстіне үй тұрғызса, енді бірі арыққа құрылыс материалын төккен.

Асан Дүйсенбаев, Семей қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

— Бір тұрғын шлакты тура арықтың үстіне төгіп қойған екен. Оны полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр. Ол, бұл бассыздығы үшін әкімшілік жауапқа тартылатын болады. Ал, қазір су басқан саяжайларда коммуналдық қызметкерлер жұмыс жүргізуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде