jasqazaq.kz

Семейдегі университетке Әлихан Бөкейханның есімі берілді

27 тамыз 2021, 13:18

Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Алаш қозғалысы жетекшісінің атымен аталды. Бүгін білім ордасының бас ғимаратында Әлихан Бөкейхан бюстінің ашылу салтанаты өтті. Бюст авторы – белгілі мүсінші, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Талғат Анарбеков. Сондай-ақ университетте «Әлихан Бөкейхан тұлғасы отандық ғылым контексінде: жаңа пәнаралық зерттеулер мен ізденістер» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

«Семей қаласының білім жүйесінде Әлихан Бөкейхан есімін жаңғырту ісі өзекті. Бұл тұрғыда республикалық жоғары білім кеңістігінде өзіндік орны бар – Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің атауы «Әлихан Бөкейхан университеті» болып ауысты. Замана ағысында ұлт көшбасшысы болған тұлға есімінің университетімізге берілуінің тарихи негізі бар. Бұл білім ордасының құрылтайшылары мен студенттердің ел мен Семей қаласы тарихына және ұлттық мүддені ту етіп көтерген Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің тарихи қызметіне көрсеткен құрметі», — деді университет ректоры Шырын Құрманбаева.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия