
Семейде екі күннен бері орман өрті сөндіріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы — 160 гектар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жағдайды әуеден бақылауға Қазавиалесохрана Ми-2 тікұшағы жұмылдырылған. Орман өртінің таралуы тоқтатылған, қазір мамандар жұмысын жалғастырып жатыр.
«Жағдайды әуеден бақылау үшін Қазавиалесохрана Ми-2 тікұшағы әкелінді. Орманшылар мен ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ №68303 әскери бөлімі күштері өртті сөндіруге жұмылдырылды. Орман ішінде жұмыстар жүргізіліп жатыр, өрт аумағы анықталып жатыр», — деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.