jasqazaq.kz

Семейдегі автобекет қытайша жазуды алып тастады

06 маусым 2018, 15:50

Тұрғындардың арасында наразылық тудырған Семейдегі халықаралық автобекет сыртындағы қытайша жазба алынып тасталды. Бұл туралы автовокзал басшысының өзі мәлімдеді. Айтуынша, бекет сыртында шетел тіліндегі жазба ендігәрі ілінбейтін көрінеді.

Семейдегі халықаралық автовокзал сыртындағы қытай тіліндегі жазба туралы бұған дейін жариялаған едік. Аталған жайт желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсіп, көпшілік өзге тілде ілініп тұрған жазбаны жедел түрде алып тастау туралы пікір білдірген еді.

Осы орайда, мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін, NUR.KZ тілшісі мекеме басшылығына хабарласып, мән-жайды білген еді. Белгілі болғандай «жазба осымен бірнеше жыл қатарынан ілініп тұрған және халықаралық автобекеттің қытай тіліндегі аудармасы» екені анықталған еді. Олар тіпті «бекеттегі басты бағыт Семей-Үрімжі болғандықтан, Қытайдағы қандастарымыз үшін әдейі ілдік» деп ақталған-ды.

Абырой болғанда мәселеге қала билігі араласып, жазба бүгінде тұтасымен алынып тасталған.

«Жылда осыған қатысты шу шығады, сол себепті алып тастауға тура келді. Енді бәріне айтарым – қытай тіліндегі жазба мүлде ілінбейтін болады», — дейді мекеме басшылығы.

Сонымен бірге олар алдағы уақытта «бекетте ағылшын тіліндегі жазба да орнатылмайтынын» да жеткізді.

«Бар ойымыз қандастарымызға аз да болса көмек көрсету еді. Бірақ көптің тілегімен есептеспей қоя алмаймыз, оны алып тындық және енді ағылшын тіліндегі аудармасын да ілмейміз», — деп кесіп айтты бекет басшысы.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді