jasqazaq.kz

Семейде зират өртенді

06 тамыз 2020, 16:59

Семей қаласында зиратта өрт шыққан.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 11.45 шамасында өрт сөндірушілерге «Семей-Көкентай» тасжолының 3 шақырымында өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Қызыл жалынды ауыздықтауға 3 автоцистерна мен жеке құрамнан 9 адам аттанды.

«Олар оқиға орнына келіп жеткенше зираттағы өрт 300 шаршы метр аумақтағы шөпке жайылған. Сондай-ақ тілсіз жаудың салдарынан 45 мола бүлінді. Өрт сағат 12.42-де толықтай сөндірілді», — делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, өрттің шығу себебі отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия