jasqazaq.kz

Семейде жұмысқа аламыз деп несие рәсімдейтін алаяқтар бар

24 қазан 2017, 14:39

Семей полициясы бір жарым жылдан бері қала тұрғындарының құжатына несие рәсімдеп келген онлайн-алаяқтарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазірге дейін Семей қаласының полициясы іс бойынша 60 алаяқтық оқиғаны анықтады, бірақ осыған ұқсас құқық бұзушылықтар бойынша арыз-шағымдар толастар емес. Алаяқтар тигізген зиянның жалпы сомасы шамамен 1,5 миллион теңгені құрайды. «Қаланың 31 және 34 жастағы екі тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 2-бөлігімен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды», — деді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Тергеу барысында жәбірленушілер дәл бір компанияға жүгінгені анықталды. Келгендерге жұмысқа қабылдауға уәде беріп, тұлғасын куәландыратын құжаттарын алған. Жұмысқа зәру тұрғындар оларға сеніп қалған. Алаяқтар әрбір адамның құжатына орташа 10 000 теңге көлемінде онлайн несиелер рәсімдеген. Ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін олар есептік жазба жасап, екінші деңгейлі банктер арқылы банк карталарын ашқан. «Біз тұрғындарға төлқұжат мәліметтерін интернет-ресурстарда қалдыруға, электронды пошта арқылы жіберуге, бөгде кісілерге жеке құжаттарын сеніп тапсыруға болмайтындығын ескертеміз», — дейді құқық қорғау қызметкерлері.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде