
Семей қаласында жоғалып кеткен 9 жасар бала 2 күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «24 қаңтар күні із-түзсіз жоғалып кеткен Айдар Егізбаевты Әуезов аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Оқушы бала 24 қаңтар күні таңертең үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.