jasqazaq.kz

Семейде ұры кондуктор ұсталды

21 ақпан 2019, 16:25

Семейде ұры кондуктор ұсталды. Бұл туралы Алтайньюс хабарлады.

Қалалық полиция бөлімшесіне 28 жастағы тұрғын «Huawei» маркалы 50 мыңдық телефоны жоғалғаны туралы шағым түсіреді. Оның айтуынша, телефонды шубасының қалтасынан автобуста әлдекім ұрлаған болуы мүмкін.

Жедел іздестіру шарасының барысында 26 жастағы кондуктор ұсталды. Ол бұрын істі болған екен. Күдікті телефонды бейтаныс біреуге сатып, ақшасын жаратып қойғанын айтыпты.

Күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің 188-бап 1-тармағы бойынша іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары затты жоғалтқан жағдайда уақыт созбай шағым түсіру керектігін айтады. Қаншалықты тез шағым түсірсеңіз, ұрыны да соншалықты тез тауып алуға болады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық