
Семейде 6 жасар бала ток ұрып қайтыс болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
Бала ойнап жүріп музыкалық орталықтың ашық қалған сымына қол тигізгенде ток ұрған, осылайша бала сол жерде қайтыс болды. Полицейлер ҚК-тің 141-бабы, 2-бөлігіне сәйкес баласының қауіпсіздіге салғырт қараған ата-анаға қатысты соталды тергеу жұмыстарын бастады.