jasqazaq.kz

Семейдe тасжолдан сырт киімі жоқ бала табылды

30 қараша 2020, 16:23

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында трассадан жасөспірім бала табылды.

Семей қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 28 қарашада сағат 16.28-де «102» арнасына қоңырау шалған тұрғын Қарағайлы көшесінде орналасқан жаңа спорт кешені маңындағы тасжолдың бойында сырт киімсіз кетіп бара жатқан жасы 12-лер шамасындағы бала туралы айтқан. Анықталғандай, жеткіншек церебралды сал ауруымен ауырады. Анасы үй жинап жүрген кезде ол сыртқа шығып кеткен. Семей қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Жандарбек Ахметжанов баланы байқап қалып, немқұрайлық танытпай полиция хабар бергені үшін В.Дубербаеваға алғыс білдірді. «Біздің қоғамда осындай жандардың бар екендігі қуантады. Балалар – біздің болашағымыз. Сол күні осы жеткіншектің маңынан қанша көлік өтсе де, ешкім тоқтамаған. Ал В.Дубербаева адамгершілік танытып, оған көмектескісі келді», — деді полиция подполковнигі Ж.Ахметжанов.

ktk.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия