jasqazaq.kz

Семейде сұмдық жол апаты болды

16 ақпан 2018, 22:25

Семейде қаланың қақ ортасында жүк машинасына соғылған жеңіл көліктің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілген, деп хабарлады КТК телеарнасының жаңалықтар қызметі.

Эльвира Гатауллина, Семей қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының меңгерушісі:

-1988, 1997 жылғы туған екі жолаушының миы шайқалған. Біреуінікі жабық ми жарақаты. Қазір екеуі де Семей мемлекеттік оқу госпиталінде жатыр.

Volkswagen Passat-тың сау-тамтығы қалмаған. Жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырса керек, ол алдында кетіп бара жатқан жүк көлігін соғып, артынша жол жиегіндегі темір қоршауды қағып барып әрең тоқтапты. Ал полициядағылар жүргізуші ара қашықтықты сақтамаған деп отыр. Сондай-ақ, олар қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ал рөлдегі болған марқұмның мас немесе сау болғаны сараптамадан кейін анықталады.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды