jasqazaq.kz

Семейде полиция қызметкеріне әріптесін зорлады деген айып тағылды

22 желтоқсан 2021, 16:46

Прокуратураға Семей қалалық ІІБ Ақпарат және коммуникация бөлімінің қызметкері зорланғанын мәлімдеді. 24 жастағы әйел патрульдік полиция батальонының инспекторы, аға лейтенантты айыптап отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, оқиға 25 қарашада сағат 23.00-де полицей көлігінде болған. Сондай-ақ, ол сол күні арыз жазбақ болағынын, бірақ басқарма мен Полиция департаменті басшылығы оны бұл райынан қайтарғанын айтты.

Соған қарамастан, әйел төрт күн өткен соң арыз жазған. Енді бұл дерек тергеліп жатыр.

«Оқиға бір айдан аса уақыт бұрын болған, полиция қызметкері жәбірленушімен таныс. Сонымен қатар, бұл уәждер соталды тергеу аясында қайта тексеріліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді ШҚО Полиция департаменті өкілдері.

30 қарашада айыпталушы қызметкер ішкі істер органдары қызметінен шығарылған.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр