jasqazaq.kz

Семейде өзін емші ретінде таныстырған алаяқ зейнеткерді тонап кетті

19 тамыз 2020, 11:14

Семей қаласының полиция қызметкерлері өзін емші ретінде таныстырып, зейнеткерді алдап соққан алаяқты ұстады.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шілде айының соңында полиция бөлімшесіне хабарласқан 66 жастағы қала тұрғыны алаяқтың тұзағына түскенін айтқан. Оны жасы 50-лер шамасындағы әйел пәле-жала мен көз тиюден аластаймын деп алдап, 3 мың АҚШ долларын, 40 мың теңгесін және гауһар тасты әшекей бұйымдарын иемденіп кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның жалпы мөлшері 2 млн теңгені құрады. «Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. 48 жастағы Алматы қаласының тұрғыны өз кінәсін мойындап отыр. Айғақты заттар тәркіленген. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия