jasqazaq.kz

Семейде өрттен екі бала көз жұмды

02 сәуiр 2019, 9:43

Семей іргесіндегі ауылда екі қабатты тұрғын үй өртеніп, екі бала ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 сәуір күні 14:19-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Семейдің іргесінде орналасқан Суық бастау елді мекенінде екі қабатты тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде бірінші қабатта орналасқан пәтердің іші өртеніп жатқанын анықтаған. Тілсіз жау 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру кезінде жуыну бөлмесінен 2012 және 2015 жылы туған екі баланың денесі табылған. Алдын ала болжам бойынша, олар түтінге уланып көз жұмған. Төтенше жағдай қызметкерлері, сондай-ақ, көрші тұратын екі тұрғынды құтқарып қалған. 14:56-да өрт ауыздықталып, 15-12-де толықтай сөндірілген. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда