jasqazaq.kz

Семейде өрттен 2 адам көз жұмды

17 қыркүйек 2018, 10:30

Семейде тұрғын үйдегі өрттің салдарынан екі адам өлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға «Уранхаев, 20» мекенжайындағы 5 қабатты тұрғынүйдегі пәтерде тіркелді. Ведомствоның дерегіне қарағанда, өрт ауыз үйден шыққан. Салдарынан пәтердегі жиһаз, жеке заттар мен ағаш құрылымдар жанып кетті. Тілсіз жау 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар тілсіз жауды сөндіру кезінде үй ішінен 67 жастағы ер адам мен 59 жастағы әйел адамның мүрдесін алып шықты. Қазір мамандар өрттің нақты шығу себептері мен шығын көлемін анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша қайғылы жағдайдың орын алуына электр тоғының тұйықталуы себеп болған. «Өрт туралы хабарды куәгерлер берді. Үй иелері ұйықтап жатып, өрт шыққанын сезбеген. Салдарынан көк түтінге уланып қалған. Қазір өрттің нақты себебі тексеріліп жатыр» делінген хабарламада.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді