jasqazaq.kz

Семейде оқушылар үшін сабақ тоқтатылды

26 қараша 2018, 10:51

Семей қаласы мен Жарма ауданында оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Білім басқармасының мәліметінше, 2018 жылдың 26 қарашасы күні Семей қаласында көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына, сондай-ақ Жарма ауданында бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптар үшін сабақ болмайды», — делінген таратылған ақпаратта. Айта кетейік, Семей қаласында көктайғаққа байланысты 24 қараша күні екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары оқыған жоқ. «Қазгидромет» РМК-ның ШҚО бойынша филиалы 24-25 қараша күндері өңірде жауын жауып, көктайғақ болатынын, жекелеген аумақтарда бұрқасын мен тұман күтілетінін хабарлаған еді. Желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с жетті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста бірнеше күннен бері автожолдар жабылуда.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді