jasqazaq.kz

Семейде оқушылар спорт залда оқып жүр

14 мамыр 2018, 17:15

Семейде №28 мектептің оқушылары спорт және акт залы мен мұғалімдер бөлмесінде оқып жатыр.

Қазір шатыры тесік мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзақ жыл жөндеу көрмеген білім ошағы биыл жөнделетін мектептер тізіміне енген. Тендер жарияланып, жеңімпаз анықталғаннан кейін мердігер мекеме жұмысты бастап кеткен. Сондықтан екі аусымда білім алатын мыңға жуық оқушы спорт және акт залы мен мұғалімдер бөлмесінде оқуға мәжбүр. Мектептің шатыры ескірген. Жаңбыр жауса төбесі тесік мектептің іші суға толады. Сондықтан келер оқу жылына дейін жұмысты аяқтау үшін мердігер жөндеуді ерте бастаған көрінеді. Алайда ата-аналар балалары үшін алаңдаулы. «Мен оқушылар үшін уайымдаймын. Мектептің төбесі өте жұқа. Ал жоғары сынып оқушылары қазір спортзалда білім алуда. Ал бастауыш сынып оқушылары дәлізде оқуда. Ең үлкен қауіп — бұл шатырдың төбесінен құлап жатқан кірпіш пен тастар. Оқу жылының соңын тоспай жөндеуді бастап кеткендеріне наразымыз»,- дейді ата-аналардың бірі Валентин Пимонов. Ата-аналардың сөзінше, мектептегі соңғы қоңырау да жөндеу жұмыстарына байланысты мерзімінен бұрын өтпек.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық